Елімізде обыр дертіне қарсы алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Іс Басқармасына қарасты Ядролық медицина орталығында онкологияны емдеуге және оны ерте анықтауға арналған препарат өндірілді. Бұл туралы ҚР Президенті Іс Басқармасының медицина орталығының басшысы Алексей Цой желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еліміздің Тәуелсіздік алған күні өздеріңізбен Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының 4 жыл бойы жасаған еңбектің нәтижесімен бөліскелі отырмын. Қазір ғана ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы базасында жуырда ғана ашылған Ядролық медицина орталығының циклотронды-өндірістік кешені базасында онкологиялық пациенттерге ПЭТ/КТ зерттеу жүргізу үшін 18-фтородезоксиглюкоза (18F-FDG) алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді. 2026 жылға дейін өндіріске 9 радиофармпрепаратты енгізу жоспарланған болатын, оның 8-і Қазақстанда алғаш рет өндірілетін болады. 2023 жылы келесі жаңа 3 РФДП өндіріске енгізіледі: 18F-NaF, 11C-MET, 18F-DOPA. Бұл онкологиялық пациенттер үшін диагностикалық зерттеулер спектрін кеңейтуге және шет елдерге бармай-ақ біздің елімізде осы препараттармен ПЭТ/КТ зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді», - деп жазды Алексей Цой.


Оның айтуынша, әр түрлі онкологиялық аурулардың диагнозын ерте бастан қойып, пациенттердің өмірін аурудың өршу қаупінсіз ұзартуға көмектеседі. Бұл жердегі мәселе онкологияны диагностикалау ғана емес, сонымен қатар ел медицинасының кардиология мен неврология саласындағы диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда.

«Бүгінгі таңда Медициналық орталықтың ауруханасында Ядролық медицина орталығы - еліміздегі ең жаңа жоғары технологиялық өндірістік және медициналық жабдықтың мүмкіндіктерін және радиоизотоптық диагностика, ұлт денсаулығы қызметі үшін радиофармпрепараттар өндіру саласындағы жетекші мамандардың тәжірибесін біріктіретін бірнеше жобалардың бірі», - деп толықтырды медицина орталығының басшысы.


Соңғы жаңалықтар