Елімізде өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі өсіп отыр

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат  - Елімізде өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі  өсіп отыр. Мәселен, 2009 жылғы қарашада өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі қазан айымен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, 4 пайызды құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды

Елімізде өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі  өсіп отыр

.«Жақын арадағы келешекте, 2010 жылдың ақпанына дейiн кәсіпорындар басшыларының бағалауы бойынша, iскерлiк белсендiлiктiң өсу беталысы  сақталады. Сонымен, кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы қарашамен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, 6 пайызды құрайды», делінген Агенттік таратқан хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, ағымдағы жылғы қарашада ағымдағы жылғы қазанмен салыстырғанда сұралған сауда кәсіпорындары басшыларының бағалаулары бойынша, тауар қорлары деңгейінің азаюы және  қаржы-экономикалық ахуалының жақсаруы байқалған. Жақын арадағы 2-3 айда респонденттер қаржы-экономикалық ахуалының ары қарайы  жақсаруын күтеді.

 Сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы қарашада ағымдағы жылғы қазанмен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа өсіп, 9 пайызды  құрады (маусымдық фактор есебімен). Іскерлiк белсендiлiкке қатысты ұқсас жағдай, жетекшiлердiң болжам бағалары бойынша 2010 жылдың ақпанына дейiн күтіледі. Сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің индексі 2009 жылғы қарашамен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, 11 пайызды құрайды.