Елімізде оралмандарды бейімдеу және кіріктірудің үш орталығы жұмыс істейді

  АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Шеттен келген ағайындарды қоғамдық ортаға бейімдеу - бұл психологиялық бейімдеу, оны ортаға сіңіру. Бұл пікірді Орал қаласының тұрғыны қойған сауалға орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев www.bnews.kz порталында өткен Online-конференция барысында білдірді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Орыс жазушысының бір кітабын мысалға алған комитет төрағасы тіпті бір үйден екіншісіне қоныс аудару барысында да адамның бүкіл  отбасында, оның қызметінде, тіпті баюында да өзгеріс болатындығын атап өтті. Сонымен қатар, қытайдың Фэн-Шуй атты ілімінде де үйдегі жиһазды өзгертіп қойғанның өзінде-ақ адам психологиясында  ауытқулар болатындығы айтылып, мыңдаған жылдар бойы зерттеліп келе жатқандығын алға тартқан ол шет елден көшіп келу оңай еместігін жеткізді.
 «Көшіп келген адамның орналасуы,  дүние-мүлік жинауы, материалдық жағдайын жақсартуы қиынға соғады. Сондай-ақ психологиялық ортаға бейімделуі, тамағына, ауасына, көрші-қолаңына, сөзіне, сол жердің дәстүріне бейімделу өте үлкен мәселе. Мемлекет осы мәселені қолға алып отыр. Қазір бізде 3 үлкен бейімдеу, кіріктіру орталығы жұмыс істеуде. Олар Шымкентте, осы қаланың маңындағы Ақсукент ауылында және Қарағанды қаласында орналасқан. Аталған орталықтар 150-200 отбасын қабылдай алады. Ол жерлерде келген азаматтарға барлық жағдай жасалынған. Онда Қытайдан, Түркиядан, Ауғанстаннан  келген азаматтар кирилицаны, қазақ тілін білмейтіндері қазақ тілін үйренеді», дейді Қ.Әбішев.

 Сондай-ақ осы орталықтар алты ай бойы дәнекерші, тігінші, бағдарламашы сияқты мамандықтарға да үйретеді. Осы уақыт аралығында олардың құжаттары дайын болып жәрдемақы, көмекақыларын алады.

Соңғы жаңалықтар