Елімізде отандық өндірушілерге арналған электронды сауда алаңы ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда отандық өндірушілерге арналған электронды сауда алаңы ашылады. Осылайша, отандық компанияларға өздері шығарған тауарларды ғаламтор арқылы сатуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласына арналған форум барысында ҚР жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары Қауымдастығының президенті Любовь Худова мәлім етті.
None
None

«Қауымдастық қазір электронды сауда алаңын әзірлеп, отандық өндірушілерге арнап шығарып жатыр. Сатылымдардың кем дегенде 65 пайызы осы электронды форматта жүзеге асырылатын болады. Бұл келешегі бар бағыт. Сондықтан, біз оны дамытқымыз келеді. Сонымен қатар, біз қауымдастық жанынан ашылатын электронды алаңда отандық өндірушілердің тауарларын ұсынғымыз келеді. Біз жақын болашақта оның таныстырылымын өткізетін боламыз», - деді ол.

Бұдан басқа, Л. Худова 2015 жылы отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы сомасы 70 млрд теңге болатын өнім шығарғандығын айтты. Сәйкесінше, өткен жылы өндіріс көлемі 3,5 пайызға артқан. Мамандардың пікірінше, биыл да бұл салада өсім байқалады. Бұған осы салаға мемлекет тарапынан лайықты қолдау көрсетіліп, тауарлардың белсенді түрде экспортқа шығарылып жатқандығы арқасында қол жеткізілген.

«Бұл отандық компаниялардың әлеуетін арттыруға және олардың басқа да нарықтарға шығуына мүмкіндік береді», - дейді мамандар. 

Соңғы жаңалықтар