Елімізде өзін өзі емдеумен айналысқысы келетіндерге арналған консультациялық орталық құрылады

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Елімізде өзін өзі емдеумен айналысқысы келгендерге арналған консультациялық орталық құрылады.

Елімізде өзін өзі емдеумен айналысқысы келетіндерге арналған консультациялық орталық құрылады

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

«Халық үшін өзін өзі емдеуге жауаптылық және емдік құралдарды тиімді пайдалану бойынша консультациялық-білім беру орталығы құрылатын болады. Сонымен қатар Фармацевтика нарығын, бағаны, қосалқы әсерді, емдік құралдарын тиімді пайдалану орталығы құрылмақ», - деді ол.

Министрдің түсіндіруінше, осы және басқа да шаралар Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 2012 жылдың аяғына дейін, емдік құрал­дарды пайдалануға қатысты тұрғындардың хабардарлығы деңгейін арттырудың пәр­мен­ді тетіктерін енгізуді тапсырған болатын.

«Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты қаралатын болады. Біз Ұлыбритания мен Германияның халықты ақпараттандыру және дәрілік формулярды қоса алғанда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі оң тәжірибесін зерделеудеміз», - деді С.Қайырбекова.