Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 2,7 млн. адамды құрап отыр

АСТАНА.  20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 2,7 млн. адамды құрап отыр. Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы  барысында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті.

Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 2,7 млн. адамды құрап отыр

Сөз арасында Қазақстанның зейнетақы жүйесі ұдайы жетілдірілу үстінде екенін айтқан вице-министр, бүгінгі таңда зейнетақы жинақтаушы қорларының жұмыс тиімділігі  де төмен болып отырғанын атап өтті. Оның пайымынша, зейнетақы қорларының бұндай жағдайға ұшырауының басты себебі - ішкі жүйе жетілмеуінде жатыр. «Атап айтқанда, зейнетақы қорларындағы қаржылық тәуекелдер негізінен макроэкономикалық жағдайлармен тығыз байланысты. Өйткені, зейнетақы жүйесі - экономиканы дамыту айнасы. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан да, бізді ең алдымен міндетті зейнетақылық салымдардан құралған инвестициялық мүмкіндіктердің төмендігі алаңдатады. Көлеңкелі сектордағы бейресми еңбек қатынастарының, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың болуы да біршама проблема тудырады. Қаржы нарығы, қор нарығы мен құнды қағаздар нарығы да біздің елімізде дамымай отыр», - дейді С. Ахметов. Оның айтуынша, бүгінгі күні елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,7 млн. адамды құрап отыр. Бұл экономикалық белсенді халықтың 33 пайызы. Ал экономикалық белсенді халық саны 8,9 млн. адам.