Елімізде пара алған бірқатар мектеп директорлары ұсталды

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанадағы брифингте Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай елімізде пара алған бірқатар мектеп директорлары ұсталып, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқанын айтты,

Елімізде пара алған бірқатар мектеп директорлары ұсталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматы облысының Сарқанд қаласындағы орта мектептің директоры 3500 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Директор оқушылардың бірінің әкесіне қызының мектепті бітірген соң «Алтын белгіні» алатынына уәде берген. Күдіктіге қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды», - деді ресми өкіл.М. Жұманбай сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданы орта мектебінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғалып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, директор мұғалімнен аталмыш мектепке жұмысқа орналастырғаны үшін 90 мың теңге пара алған. Қазіргі кезде айыпталушы қамауға алынған. «Ал оның Жамбыл облысындағы әріптесі оқытушыдан оны жұмыстан шығармағаны үшін 20 мың теңге алған. Қазіргі кезде ол үй қамауында», - деді ресми өкіл.М. Жұманбай білім беру саласында көп жағдайда аттестаттар, дипломдар, сертификаттар бергені, сондай-ақ оқу орындарына жұмысқа орналасу, еңбек шарттарын ұзартқаны үшін пара берілетінін атап көрсетті.