Елімізде пневмониядан ауырған адамдар саны 50 мыңға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір тәулікте пневмониядан 3 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде пневмониядан ауырған адамдар саны 50 мыңға жетті

22.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 150 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50146, 667 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 46711 жетті.