Елімізде пневмониядан көз жұмғандардың тәуліктік саны өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 ақпанда коронавирус белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Оған қоса 201 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48158, 579 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 36683 жетті.
2 ақпандағы мәлімет бойынша, коронавирус белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмды.