Елімізде пневмониямен ауырғандар саны 48 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бір тәулікте пневмониядан 279 адам емделіп шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде пневмониямен ауырғандар саны 48 мыңнан асты

5 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмонияның 69 жағдайы тіркелді. Оған қоса 279 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48295, 579 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 37225 жетті.