Елімізде рұқсат беру қағаздары қысқарады - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинар барысында мәлім болғандай, бүгінде елімізде рұқсат берудің 1015 түрі тіркелген. Алдағы уақытта олардың 334-ін алып тастау жоспарланған. Демек, еліміздегі рұқсат беру құжаттарының жалпы саны 881-ді құрайтын болады. Осы орайда «гильотин» әдісін, яғни экономикалық жағынан тиімсіз рұқсат беру құжаттарын алып тастау жұмысын жүргізу көзделген. Семинарда еліміздегі рұқсат беру жүйесін оңтайландыру мақсатында арнайы сарапшылар комиссиясын құру ұсынылған. Бұл және осыған байланысты барлық іс-шараларды ҚР Экономикалық және сауда министрлігі атқармақ.

Соңғы жаңалықтар