Елімізде сәбилердің өлімі азайып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде сәбилердің шетінеуі төмендеп келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Елімізде сәбилердің өлімі азайып келеді

«Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 1 жасқа дейінгі нәрестелердің өлім-жітімі 9,7 пайызға кеміді», - деді ол. Ә.Смайыловтың сөзіне қарағанда, аталған уақыт аралығында барлығы 756 бала көз жұмған. Сәбилердің өлім-жітімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып отыр. Дәл осы жағдайларда шетінеген сәбилер саны - 404. Сондай-ақ туа біткен ауытқулардан - 145, тыныс мүшелерінің ауруларынан - 70, жазатайым жағдайлар мен уланудан және жарақаттанудан 29 бала көз жұмған.