Елімізде сал ауруына шалдыққан балаларға көмек беруге арналған акция аяқталды

АЛМАТЫ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда "ФудМастер" компаниясының сал ауруына шалдыққан балаларға (ДЦП) көмек беруге арналған "Әр айраннан 1 тенге" атты акциясы аяқталды.

Елімізде  сал ауруына шалдыққан балаларға көмек беруге арналған акция  аяқталды

Акция мүгедектер айлығы аясында өткен болатын. Оған «ФудМастер» айранын сатып алған барлық қазақстандықтар қатысты.

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары түскен қаражаттарға еліміздің әр аймақтарында орналасқан 6 оңалту орталықтарына медициналық құрал-жабдықтар, тренажерлар мен спорттық киімдерді сатып алып, сыйға тартты.

«Қажетті заттар балалардың тезірек физикалық бейімделу курсынан өтуге көмектеседі деген ойдамыз. Ең алдымен бұл көмектер балалардың өз еркімен қозғалуына, толыққанды балалар қатарына қосылып, олармен бірдей дәрежеде білім алуына ықпал ететініне көмектеседі деген үміттеміз. Ең бастысы біз - мыңдаған қазақстандықтар балаларға толыққанды өмір сүруге «үміт» сыйладық және қоғамға қажет екендіктерін білдіретін «сенімімізді» білдірдік», -деді "ФудМастер" компаниясының Бас директоры Аида Сапарғазинова.

Оның айтуынша, бұл акция кішкентай күштерді жұмылдыра отырып, үлкен жақсы істер жасай алатынымыздың бір мысалы. «Келесі жылы да бұл акция жалғасын табатын болады», - деп атап өтті ол.