Елімізде салық салу және кеден әкімшілігінің «АСТАНА-1» жүйесі қанатқақты режимде іске қосылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салық салу және кеден әкімшілігінің «АСТАНА-1» автоматтандырылған жүйесі пилоттық режимде іске қосылды.

 Елімізде салық салу және кеден әкімшілігінің «АСТАНА-1» жүйесі қанатқақты режимде іске қосылды (ФОТО)

Аталған жүйені енгізу сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне рәсімдерді оңайлатуға бағытталған. Жүйе ДСҰ ережелеріне және халықаралық стандарттарға толық сәйкес жасалған.
Сынақ алаңы ретінде Астананың кедендік рәсімдеу орталығы таңдалды, ал 2017 жылдың 1 шілдесіне қарай жүйені бүкіл Қазақстанға енгізу жоспарланып отыр.
«Бұл жүйе декларанттарды салық төлеушілер базасымен тексеруге, нақты уақытта кедендік транзитті қадағалауға, түскен кірісті бақылауға және кедендегі жемқорлықпен, контрбандамен күресуге мүмкіндік береді», - дейді Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.

Әзірлеуші мамандардың айтуынша, АСТАНА-1 жүйесі барлық қадағалау мекемелерінің өзара іс-қимылын тиімді ететін Бірыңғай терезенің негізін қалайды.

Пилотты сынақтар жүргізу үшін Астанаға БҰҰ сарапшылары келді. Олар жүйені 24/7 режимде жүргізіп, қолданушыларды жаңа жүйеге үйрететін болады.

null null null null null null null null null null