Елімізде салынған әрбір бесінші шаршы метр Астана қаласында пайдалануға берілген

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - 2012 жылы республикамызда жалпы алаңы 6,7 млн. шаршы метрді құрайтын 25 мың 294 тұрғын үй салынды.

Елімізде салынған әрбір бесінші шаршы метр Астана қаласында пайдалануға берілген

Оның ішінде әрбір бесінші шаршы метр Астана қаласында пайдалануға берілген. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Бұдан бөлек, 2012 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 116 жалпы білім беру мектебі, 97 мектепке дейінгі мекеме, 10 аурухана және 105 амбулаториялық-емханалық мекемесі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2012 жылы Астана қаласында Балалардың шығармашылық орталығы және Шымкент қаласында Цирк пайдалануға берілді», - делінген баспасөз баянында.