17:30, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елімізде санаққа қатысты кез-келген ақпарат алуға болатын Call- орталық жұмыс істей бастады
АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде өтетін халық санағын қолдау бағдарламасы аясында тегін қоңырау шалуға және санаққа қатысты кез-келген ақпарат алуға болатын Call- орталық жұмыс істей бастады.
Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Статистика агенттігінің баспасөз хатшысы Динара Жандаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, Call орталықтағы жедел телефон нөмері 8 800 080 7828. «Сондай-ақ Статистика агенттігінің сайтында (www.stat.kz) қаңтардың 8-нен бастап ақпанның 15-і аралығында шынайы уақыт режімінде интернет конференция өткізілетін болады. Бұнда әрбір адам санаққа қатысты қалаған сұрағын қойып, ол жөнінде толық ақпарат ала алады», деді Д. Жандаева.