Елімізде сауда-саттыққа арналған жаңа мобильді қосымшалар жаппай енгізіліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде сауда-саттыққа арналған жаңа мобильді қосымшалар жаппай енгізіліп жатыр. Бұл туралы Цифрлық экономиканы дамыту орталығының (Қазақстандағы тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы) бас директоры Бикеш Құрманғалиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Оператор шағын және орта бизнестің өмірін жеңілдететін қосымша әзірледі. Шағын бизнеске арналған стандартты веб-қосымшалар қолайсыз. Ойткені олар шағын сауда нүктелерінде жұмыс істейтіндіктен компьютерлері, арнайы жұмыс орындары жоқ. Сондықтан біз қосымша әзірлеп ұсындық. Қазір ол белсенді түрде енгізіліп жатыр. Ол – «Нақты сауда актісі» деп аталатын мобильді қосымша. Оның көмегімен бизнес қабылдау-беру бақылау актілерін түзе алады және сол арқылы бір-біріне тауарларды кодтармен береді», - деді Бикеш Құрманғалиева туралы елордада өткен телекоммуникация нарығын дамытуға арналған іс-шара барысында.

Оның атап өтуінше, Салық комитетінің өтінішімен «Нақты сауда кассасы» деп аталатын тегін қосымша да әзірленген.

«Бұл жеке кәсіпкерлерге арналған. Ақылы касса аппаратын немесе қосымшаны сатып ала алмайтын кәсіпкерлер бұл өнімді тегін пайдалана алады. Сонымен қатар тұтынушылардың сатып алған тауарларын бақылауы үшін де мобильді қосымша әзірленді», - деді орталық басшысы.


Соңғы жаңалықтар