Елімізде сенбі күні қар жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде сенбі күні қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елімізде сенбі күні қар жауып, жел күшейеді

Республиканың оңтүстігі мен батыс бөлігінде циклон және фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Қазақстаның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 22-27, екпіні 30 м/с-ден астам күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қызылорда облысында жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.