Елімізде шағын және орта бизнестегі франчайзингтің үлесі 3 пайыздан аспайды - ҚР Франчайзинг қауымдастығының төрағасы

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Франчайзинг - өзектілігі, проблематикасы, шешу жолдары» деп аталатын республикалық конференция өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл конференцияның міндеті - франчайзингтің мүмкіндіктері мен шағын және орта бизнеске қатысты өзекті мәселелерді белгілеу.Франчайзингті қолданып шағын және орта бизнесті дамыту үшін бизнестің Даму институттары мен Мемлекеттік мекемелермен ықпалдасуына ұсыныстар әзірлеу. Франчайзинті дамытуға қатысты «Даму» қоры мен ҚР Франчайзинг қауымдастығының нақты міндеттерін айқындау», дейді қауымдастық төрағасы Вячеслав Сидельников. Оның айтуынша, ҚР Франчайзинг қауымдастығы тарапынан осы уақытқа дейін мерзімді басылымдарда 50-ден астам материал жарияланып, форум, көрме, конференция, дөңгелек үстел жиыны сияқты 32 қоғамдық және 26 білім беру шаралары ұйымдастырылды. Арнайы альманах пен Жаршы шығарылып, 3 интернет сайт жұмыс істеп келе жатыр. Жалпы қазіргі таңда республикада шағын және орта бизнестегі франчайзингтің үлесі 3 пайыздан аспайды. Кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырушы және шағын және орта бизнесті жүйелендіруші болып табылатын франчайзингтің экономиканы өркендетудегі рөлі орасан. Алайда ол әлі күнге дейін өз деңгейінде пайдаланылмай отыр.

Соңғы жаңалықтар