Елімізде сот жұмысының жетілдірілуі қоғамның құқық қорғау жүйесіне сенімін арттырады - Қазақстанның Азаматтық альянсы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Азаматтық альянсы заңды тұлғалар бірлестігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне ресми түрде кірісуіне байланысты құттықтау жолдады.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Біз, миллиондаған азаматтық қоғамның мүддесін қорғайтын бірлестік ретінде Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне ресми түрде кірісуіңізбен құттықтаймыз! Салтанатты ұлықтау рәсімінде Сіз бес институционалдық реформаны жүргізудің маңызы мен қажеттілігін атап өттіңіз. Бізді мемлекеттік қызметтегі өзгерістер қызықтырады.
Қазақстанда экономикалық бағдарламалардың сапалы түрде жүзеге асуы мен сапалы мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ететін заманауи кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құрылуы тиіс, деген едіңіз Сіз ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіңізде. Сондықтан біз жемқорлыққа жол берілмей және меритократия қағидаттарын қорғау бойынша жұмыстардың оң жолға қойылуын, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің реформалануын қолдаймыз. Ауыл шаруашылығы шикізаттары негізінде қайта өңдеу секторын дамыту; ЕАЭО аясында тарифтік саясатты жеңілдету; полицияға алуда жаңа кәсіби және психологиялық іріктеу жүйесін енгізу; қоғамда өз-өзін реттеуді қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесіне қарап төлеу жүйесі; жергілікті атқарушы органдарды таңдаудың жаңа жүйесін құру бес реформа аясындағы басым бағыттар болып табылады. Меншік құқығы мен кәсіпкерлік қызметке жағдай жасайтын заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету маңызды. Сот жүйесі жұмысының жетілдірілуі, сот корпусының ашықтығы қоғамның құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттырады деп сенеміз. Сондай-ақ қазақстандық соттың әділдігі мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын, отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтық қорғанысын арттырады.