Елімізде спорт секцияларымен қамтылған оқушылар саны 27 пайыз ғана

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, былтыр еліміздегі спорт секцияларымен қамтылған мектеп оқушыларының саны 27 пайызды ғана құрап отыр.
None
None

Ал әлемдік тәжірибеде бұл көрсеткіш мектеп оқушыларының 80 пайызынан астамын құрайды. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов осылай мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, мектептердің сабақтан тыс оқытулары үшін азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеу базалық жалақысына 40-50 пайыздық үстемеақыны құрайды. «Алайда, зерттеулер көрсеткеніндей, бұл үстемақы шамамен 8 мың теңгені құрайды. Осының өзі елдегі, оның ішінде ауылдағы мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты жаппай дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Дене шынықтыру мұғалімдерін де сабақтан тыс спорттық шаралар ұйымдастыруға, жарыстарға жастарды апаруға ынталандырмайды», дейді Е. Қожағапанов.

Оның айтуынша, әлемдік озық тәжірибеде бұл басқаша дамып отыр. «Мәселен, Канадада сабақтан тыс спорт секциялары бойынша мұғалімге мектеп оқушыларының тікелей санына қарай жалақы төленеді», деді Спорт агенттігінің төрағасы. Бұдан бөлек, агенттік басшысы мектептердегі оқу сағаттарында дене шынықтыру сабақтары апталық көрсеткішінің екі сағатқа кемігеніне де алаңдаушылық білдіреді.

«Бұндай қысқарту халықаралық тәжірибеге сәйкес келмейді. Халықаралық спорттық стандарттар апталық 3-6 сағатқа артық. Ал біздегі сағаттарды қысқарту жасөспірімдердің дене шынықтыруы мен спорттық көрсеткіштеріне кері әсер етуі мүмкін», - деді Е. Қожағапанов.

Соңғы жаңалықтар