Елімізде су көлігіндегі оқиғалар саны үш есеге қысқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда су көлігіндегі оқиғалар саны айтарлықтай қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Айта кетерлігі, 2016 жылы 23 оқиға болса, 2017 жылы 8 оқиға тіркелген. «Биыл кемелердің нашар техникалық жағдайы мен кеме жүзетін су жолдарын дұрыс күтіп-ұстамау сияқты флоттағы апатқа себеп болатын проблемалар жойылып, су көлігі оқиғаларын болдырмауға қол жеткізілді», -делінген хабарламада.  

Биыл 1 885 шағын көлемді, 177 өзен және 93 теңіз кемесі тіркелді. Командалық кұрамның 109 мүшесі аттестациядан өтіп, 129 адамға диплом берілді.

Көлікті бақылау инспекциялары пайдаланымдағы 8 574 кемені тексеріп, 1 014 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған және 6 237 техникалық куәландыру жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, кеме жүзетін су жолдарының 13 мың шақырымнан астамы қаралып, 15 заң бұзушылықты жоюға нұсқамалар берілген.

Еске сала кетсек, бүгінгі күні Қазақстанда 323 теңіз, 765 өзен және 19 мың шағын көлемді кеме тіркелген. Кеме жүзетін су жолдарының ұзақтығы 4 мың шақырымды құрайды.

 

Соңғы жаңалықтар