Елімізде сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Электронды еңбек биржасының мәліметтеріне қарағанда, өткен жылғы желтоқсан айында білікті қызметкерлер арасында жылжымайтын мүлік агенттері (2,9 мың бос жұмыс орны), әлеуметтік қызметкерлер (1,3 мың бос жұмыс орны), күзетшілер (1,2 мың бос жұмыс орны), санитарлар (1,2 мың бос жұмыс орны), аспаздар (1,1 мың бос жұмыс орны), сондай-ақ тәрбиешілер мен олардың көмекшілері – тиісінше 1,1 мың және 851 бос жұмыс орны жоғары сұранысқа ие болды. Іздеушілер арасында негізінен автокөлік жүргізушілері, сатушылар, бухгалтерлер және заңгерлер болды.

«Сұраныстың ұсыныстан жалпы басымдылығына қарамастан, желтоқсан айында вахтерлер (268 бос жұмыс орны және 561 түйіндеме), HR бизнес серіктестері (22 бос жұмыс орны және 153 түйіндеме) және дене шынықтыру мұғалімдері (106 бос жұмыс орны және 231 түйіндеме) айтарлықтай асып түсті», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.

Еске салсақ, өткен жылдың соңында еңбек биржасында жұмыс ұсынушылар бір айда 27% төмендеді.


Соңғы жаңалықтар
telegram