Елімізде тағы екі партия пайда болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде жаңа екі партия пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде тағы екі партия пайда болуы мүмкін

«Әділет министрлігінің қарауында екі саяси партия бар – «Ел тағдыры» және «Қазақстан Халық Конгресі». Саяси партияларды тіркеу тәртібі «Саяси партиялар туралы» заңда көзделген.

«Саяси партиялар туралы» заңның 12-бабына сәйкес мемлекеттік органдарға ұсынылған тізімдердің дұрыстығын тексеру функциясы жүктелген», - деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомстводан құрылтай құжаттары мен саяси партия мүшелері тізімдерінің «Саяси партиялар туралы» заңның 8-10 бабының 6-тармағы талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Айта кетсек, бүгінде елімізде «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Respublica» партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия және «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы тіркелген.