Елімізде талантты жас педагогтар жалақысы жоғары басқа салаларға ауысуда - С.Ахметов

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат -Елімізде талантты жас педагогтар жалақысы жоғары басқа салаларға ауысуда. Бүгін 2014-2016 жылдарға арналған Қазақстандағы білім және ғылым саласы дамуының басым бағыттары талқыланған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай деді.

Елімізде талантты жас педагогтар жалақысы жоғары басқа салаларға ауысуда - С.Ахметов

Үкімет басшысының атап өтуінше, мемлекет педагогикалық ресурстардың дамуына және олардың біліктілігін арттыруға барынша зор көңіл бөлуде. Педагогикалық кадрларды дайындау жүйесі де қайта қарастырылуда. «Дегенмен, аталған кадрлардағы дисбаланс - бұл, білім беру жүйесіндегі әлсіз педагогтардың болуынан ғана орын алмауы мүмкін. Бұл ретте, мықты, жас, талантты педагогтардың жағдай жасап, жоғары жалақы төлейтін басқа салаларға кетіп жатқандықтарын атап өту қажет», - деді С.Ахметов.

Сонымен қатар Премьер-Министр кадр мәселесін шешпей білім беру саласындағы мемлекеттік шаралардың тиімділігі төмен болатындығын баса айтты.