Елімізде «Tele2 Қазақстан» ұялы байланыс операторы іске қосылады

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Елімізде «Tele2 Қазақстан» ұялы байланыс операторы іске қосылады.

Елімізде «Tele2 Қазақстан» ұялы байланыс операторы іске қосылады

Аталған абоненттің басқарма төрағасы Андрей Смелков Швециядан бастау алатын байланыстың бұл түріне Қазақстан 11-ші ел болып қосылғалы отырғандығын айтады. «Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері өте қымбат, әрі абоненттік компаниялар арасында бәсекелестік жоқ. Сондықтан бұл желіні қосу өте тиімді. Біз сапалы құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, басқа абоненттерге қарағанда байланыс тарифтерін 20 пайызға арзан ұстайтын боламыз», -дейді А.Смелков.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ақтөбе қаласында осы желі іске қосылса, одан кейін Алматы, Астана, Өскемен және басқа қалалар жыл соңына дейін түгелдей қамтылмақ.

«Tele2 Қазақстан» - бұл Tele2 еуропалық телекоммуникациялық холдингтің ұсынып отырған ұялы байланыс операторы. Ол әлем бойынша 31 миллионға жуық абонентті қамтамасыз етіп, кабелді теледидар мен кең жолақты интернет қызметтін ұсынуда.