Елімізде телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер артып отыр ? Б.Қожахметов

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер саны артып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, алаяқтар өздерінің жымысқы әрекеттерін алдын ала белгіленген сценарий бойынша жүзеге асырады. Алдымен белгілі бір азаматқа телефон шалып, өзін ішкі істер саласының қызметкерімін деп таныстырады. Бұдан соң әлгі азаматқа оның жақын туысының жол-көлік оқиғасына тап болғандығын, немесе басқадай суыт хабарды жеткізіп, ақша сұрайды. Ал «ішкі істер қызметкерімін» деген соң әлгі адам олардың барлық талаптарын орындап, санын соғып қала береді. «Сондықтан болашақта осындай жағдайға тап болғандардың бірден ішкі істер органдарына хабарласуларын сұраймыз», - деді департамент бастығы.
Соңғы жаңалықтар