Елімізде темекіге салынатын салық өте аз, соның салдарынан темекіні тұтынушылар саны артып отыр - Мәжіліс депутаты

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстандағы темекі өнімдеріне салынатын салықтардың төмендігі балалар мен жасөспірімдер арасындағы шылымқорлар санының артуына ықпал етіп отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан заңнамасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау

Елімізде темекіге салынатын салық өте аз, соның салдарынан темекіні тұтынушылар саны артып отыр - Мәжіліс депутаты

ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясына үйлестіру» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейітмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның деректерінше, темекі өнімдеріне салынатын салық көлемі елдегі барлық салықтардың 28 пайызын құрайды. Ал темекі өнімдеріне берілетін акциздің бағасы небәрі 11 пайыз. «Соның салдарынан темекі өнімдері жалпыға бірдей қолжетімді. Осыған дейін елімізде темекі өнімдерін небәрі 40-50 теңгеге сатып алуға болатын еді. Соңғы рет аталмыш өнімдердің бірқатарының бағасы көтерілді. Бірақ бұл мүлдем аз. Темекі бағасының небәрі 20 пайызға көтерілуі мемлекетке емес, керісінше темекі өндіретін компанияларға тиімді болып отыр», деді депутат.

Оның сөзінше, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдерде темекіге салынатын салық 55 пайыздан кем емес. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, темекі өнімдеріне салынатын акциздердің деңгейі бойынша Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында 10-шы орында тұр. Ал жалпылай салынатын салық бойынша 12-ші орынға табан тірейді.