Елімізде тұмауға қарсы 633 млн. теңгенің 900 мыңнан астам доза вакцинасы сатып алынды

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Елімізде тұмауға қарсы 633 млн. теңгенің 900 мыңнан астам доза вакцинасы сатып алынды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басқарма басшысы Айтмағанбет Жолшоринов мәлім етті.
None
None

Өткен маусымда республика көлемінде 766 мың ЖРВИ мен 866 мың тұмау ауруы тіркелген болатын. Бұл алдыңғы маусымға қарағанда біршама төмен. Айта кетерлігі, жылдан жылға Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал жақсартып келеді», - деді ол.

Басқарма басшысының атап өтуінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша биылғы жылы Қазақстанда өткен жылғыдай тұмаудың A (H3N2), А (H1N1) және В типті түрі кездеседі. Сонымен бірге басқа да тұмау респираторлық аурулар кездесуі мүмкін.

«Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі биыл өзінің алдын алу шараларын бастап кетті. Бүкіл өңірлерде ақша бөлініп, 633 млн. теңгеге 900 мыңнан астам тұмау вакцинасы алынды»,- деді А.Жолшоринов.

Соңғы жаңалықтар