Елімізде тұңғыш рет Әлеуметтік жарнама галереясы ашылды
ЛМАТЫ. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Елімізде тұңғыш рет Әлеуметтік жарнама галереясы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Галереяның бірінші көрмесі «Астанадан шын жүрекпен» деген атпен Астана қаласының туған күніне арналды. Көрмеге танымал қазақстандық фотограф Андрей Пилипенконың мерекеде түсірген жарқын суреттері қойылған.
Әлеуметтік жарнама галерея Қазақстанның Жастар МедиаОдағы, Алматы қаласының Азаматтық Альянсы, «Колесо идеялар үйі» ЖШС-гі, «Дастархан» ЖШС-гінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімдігінің қолдауымен ашылды.
«Столичный» супермаркетінің променад аймағы фотографтардың, суретшілер мен дизайнерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың жетістіктерінің көрмесіне айналатын болды. Бұл жобаның іске асуы- азаматтық альянстың үлгісі болды, өйткені, қажетті және пайдалы істі іске асыруда үкіметтің, бизнестің және ҮЕҰ өкілдері бірікті», деді жобаның бастамашысы, Қазақстан Жастар МедиаОдағының директоры Светлана Галиева. Оның айтуынша әлеуметтік жарнама халықтың назарын көкейкесті мәселелерге аударып қане қоймай, көзқарастарын өзгертіп, жаңа әлеуметтік құндылықтарды да тудыруда.
Көрменің ашылу салтанатына арнайы қатысқан Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков: "Қазақстанда әлеуметтік жарнаманың орны бөлек және қажеттілігі бар екенділігі байқалады. Бұл жарнаманың түрі жарнамалық кеңістікте алдыңғы орынға шығып отырғандығына көз жеткізуге болады. Қазақстанның және оның азаматтарының жаңа келбетін қалыптастыру бүгінгі күннің басты мәселесі. Сондықтан, әлеуметтік жарнама мен әлеуметтік PR қазіргі заман қоғамының адамгершілігін арттырып, оның жаңа құндылықтарын ашуға көмектесетін құрал болып табылады", деді.