Елімізде тұңғыш рет медиатор мамандығына оқыту қазақ тілінде жүргізілмек

АЛМАТЫ. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда 16 наурыздан бастап елімізде тұңғыш рет  қазақ тілінде медиатор  мамандығына оқыту  жүргізілгелі отыр.
None
None

«Халықаралық  құқық  қорғау  орталығы» қоғамдық бірлестігі  Үкіметтің  2011 жылғы 3 шілдедегі №770 қаулысымен бекітілген «Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасына» сәйкес «Жалпы медиация курсы» (48 сағат) мен «Мамандандырылған медиация курсын»  (50  сағат) бастағалы отыр. Оларды  «Халықаралық  құқық қорғау  орталығы» және «Қылмыстық атқару  жүйесін реформалау» қоғамдық бірлестіктерінің басшысы, Халықаралық  ақпараттандыру академиясының  корреспондент мүшесі Жанділді Жақыпов жүргізеді. Ж. Әжіғалиұлы Болгария  мен Испания  елдерінен   тәжірибеден өткен, 25  жылдан аса Ресей мен Қазақстанда  заң саласында тәжірибелік   қызмет жасаған және мемлекеттік  тілде  іс -шаралар  жүргізудің  шебері.

«Жалпы медиация курсы» оқу бағдарламасы бойынша сертификат алғандар медиатор ретінде кәсіби негізде тәжірибелік  қызмет жүргізуге құқылы.

«Мамандандырылған медиация курсы» оқу бағдарламасы бойынша сертификат алғандар да  медиатор ретінде, оның ішінде нақты мамандануы бойынша көсіби негізде тәжірибелік жұмысты жүргізе алады және «Халықаралық  құқық қорғау орталығы»  мен «Қылмыстық атқару  жүйесін реформалау» қоғамдық бірлестіктерінің  кәсіби медиаторлар тізіліміне (реестр)   тіркелінеді. Осыдан  соң ҚР «Медиация  туралы» Заңының талаптарына  сай    медиатор ретінде кәсіби негізде тәжірибелік қызметті жүргізуге құқылы болады.

Соңғы жаңалықтар