Елімізде тұңғыш рет пластикалық шөлмектерден жасалған шырша қойылды

АТЫ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда ерекше жаңажылдық шырша пайда болды. Ұзындығы 3 метрлік шырша түгелімен пластикалық шөлмектерден жасалынған. Мұндай туынды тұңғыш рет елімізде қойылып отыр.

Елімізде тұңғыш рет пластикалық шөлмектерден жасалған шырша қойылды

Мұндай өзге шыршаларға ұқсамайтын сыйлықты алматылықтар мен Алматы қонақтарына отандық минералды сусын мен шырындарды шығаратын "Әсем-Ай Сарыағаш"өндірістік компания тобы дайындаған екен.

Шырша аталмыш компаниядан шығатын "Әсем-Ай Сарыағаш", «ARTEZIA ASEMAI» және лимонад сусындарының шөлмектерінен жасалған. Оған барлығы мың шөлмек кеткен. Қазір бұл ерекше шырша Арбатқа қойылған.

"Біз қала тұрғындарына Жаңа жылда қандай қуаныш сыйласақ деп ұзақ ойландық. Соңында осы шешімге келдік, бұл туындымыз лайықты бағаланады деп ойлаймыз. Мұндай шыршаға ұқсайтын шырша біздің елімізде болған емес, біз сондықтан бұл туындымызды мақтан тұтамыз. Алдағы уақытта жыл сайын осындай шырша жасап, оны дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз",- деді «Әсем-Ай» компаниясының Бас директоры Мәулен Оразқұлов.