Елімізде тұңғыш рет татар қыздарының сұлулық байқауы өтті

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы «Қайнар» ойын-сауық орталығында Екібастұз татар-башқұрт этномәдени орталығының ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет татар қыздарының сұлулық байқауы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Елімізде тұңғыш рет татар қыздарының сұлулық байқауы өтті

Оған қала мектептері мен колледждерінен 7 қыз іріктеліп алынды. Байқау «Ұлттық тағам», «Қолөнер», «Шығармашылық», т.б. кезеңдерден тұрды.

Бас жүлдені Екібастұз қаласы № 17 мектебінің оқушысы Назира Жасуланова жеңіп алды. Бірінші орынды № 35 мектептің оқушысы Зиля Аюпова алып, 15 мың теңгені еншіледі. Қалған қыздар әртүрлі аталымдарға ие болды.