Елімізде тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласындағы үздік жобаларға конкурс басталды

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін елімізде «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы саласындағы энергия және энергия сақтаушы жобалардың республикалық конкурсы басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш мәселеге байланысты өткен баспасөз мәслихатында мәлім болғанындай, «Қазақстанның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» акционерлік қоғамы бастамашы болып отырған аталмыш байқау елімізде алғаш ұйымдастырылуда. Конкурстың басты мақсаты тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы саласындағы негізгі өзекті мәселелерді анықтап, онымен халықты таныстырып, мәселенің шешілу жолдарын қарастыру.

«Қазақстанның тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Дамир Егізбаевтың айтуынша, аталмыш шараға заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. Байқаудың басты бағыттары негізінен газ, лифт шаруашылығы және тұрғын үй -коммуналдық қызметтің өзге де салалары. Конкурс бүгіннен бастап ашық деп жарияланады және ол алдағы уақытта жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Байқау басты 6 аталымнан тұрады. Оның біріншісі жылумен қамтамасыз ету, екіншісі сумен қамтамасыз ету және су тарту, үшіншісі қалдықтарды кәдеге асыру, төртіншісі газбен, электрмен қамтамасыз ету және лифт шаруашалығы. Бесіншісі тұрғын үй қорын басқару, алтыншысы тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын кешенді дамыту деп аталады. Конкурс екі кезеңнен тұрады. «Биылғы жылдың шілде айының 15-іне дейін арнайы құрылған сараптамалық кеңес әр аталым бойынша 3 үздік еңбекті таңдап алады. Олар өздерінің бизнес жоспарларын жасап, онымен көпшілікті таныстырады. Таңдап алынған үздік үш еңбек байқаудың ақтық сынының қатысушылары болып табылады да олар құнды сыйлықтармен марапатталады. Байқаудың жеңімпаздары тамыздың 4-інде анықталады», деді Басқарма төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар