Елімізде түрлі жағдайда жарақаттанған адамдарға көмек көрсететін жаңа бағдарлама қабылданады -Ж Досқалиев

ктің 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда түрлі жағдайда жарақаттанған адамдардың өмірін құтқарып қалу үшін  «парамедики» деп аталатын жаңа бағдарлама қабылданатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан ортопедтерінің және травматологтарының бірінші съезінде журналистерге ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, жаңа бағдарламаның басты мақсаты - қоғамды жол көлік апатының, басқа да жазатайым оқиғалардың кесірінен жарақаттанған адамдарды дәрігерлер бригадасы келгенге дейін  көмек көрсетуге және емдеуге үйрету. «Бұған қанды уақытша тоқтату, жүрек қызметін қалпына келтіру, яғни жасанды массаж, демі таусылып бара жатқан адамға тыныс алдырту сынды ең қарапайым амалдар кіреді. Менің көзқарасымша, бұлардың барлығын тұтас қоғам, әсіресе тәуекелді мамандықтар бойынша жұмыс істейтін адамдар - көлік жүргізушілері, автоинспекторлар, өрт сөндірушілер, кеншілер білуі тиіс. Осылай болғанда ғана жарақаттан болатын өлім-жітімнің саны едәуір қысқаратынына сенімдімін. Бұл Еуропа елдерінің тәжірибесінде бар дүние», деді Ж. Досқалиев.  

 Министрдің пікірінше, әртүрлі жағдайда жарақаттанған адамдардың өмірін құтқарып қалуға тек қана дәрігерлер ғана емес, бүкіл қоғам атсалысуы керек.

Соңғы жаңалықтар