Елімізде үлестік құрылыспен салынып жатқан 87 нысан бар - Серік Нокин

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елімізде үлестік құрылыспен салынып жатқан 87 нысан бар. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қазақстандағы қол жетімді тұрғын үй - қол жетімді ипотека: қалпына келтіру бағыттары» тақырыбындағы дөңгелек үстелде ҚР Құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Елімізде үлестік құрылыспен салынып жатқан 87 нысан бар - Серік Нокин

Агенттік басшысының сөзіне қарағанда, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша желілік кестеге сәйкес 19 мың 354 үлескері бар 87 нысаннның құрылысын аяқтау керек. Оның ішінде Астанада - 42, Алматыда - 26, сондай-ақ басқа да өңірлерде - 19 нысанның құрылысын жалғастыру қажет. Айта кетейік, 2007 жылдың төртінші тоқсанында елімізде 63 мың үлескердің қатысуымен 450 тұрғын үй кешені салынып жатқан еді.

«Қаржы дағдарысы кезеңінде Үкімет үлескерлер мәселесін шешуге 518,7 млрд. теңгені бағыттады»,-деп түйіндеді сөзін С. Нокин.