19:07, 02 Маусым 2015 | GMT +5
Елімізде ыстық ауа райы алдағы күндері де сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаз айы Қазақстанда ыстық ауа райымен басталды.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, демалыс күндері ауа температурасы +30-35º дейін көтерілді. Батыс және оңтүстік аймақтарда ол +38-40º-қа дейін жетті. Бұл нормадан +3-6º-қа жоғары. Батыста және солтүстік-батыста +7-10º нормадан жоғары болды. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста температура көпжылдық орташа көрсеткіштен 2-5º-қа төмен көрсеткішті көрсетті. Алдағы үш тәулікте батыс, солтүстік облыстардың кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жауын жауатындығына қарамастан, ыстық ауа райы сақталады, желдің екпіні 13-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде антициклон таралады. Осы кезеңде Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 3-10º-қа жоғары болмақ.