Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 108 993 теңгені құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы 1 қарашада зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 993 теңгені құрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлем етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Биылғы жылдың 10 айында қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.

2022 жылғы қазанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,6 млрдтеңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 170,5 млрд теңге бөлінді.

1 қарашадағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 268 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 993 теңге болды.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.


Соңғы жаңалықтар