Елімізде жалған ақша жасайтын 12 жасырын цехтың қызметі тоқтатылды - Қаржы полициясы
Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «Қылмыстардың алдын алу және құқық бұзушылықтар профилактикасы: қазіргі жай-күйі және жетілдіру перспективалары» тақырыбына арналған конференция барысында
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті. Оның айтуынша, қылмыстар құрылымындағы жалған ақша жасаушылар тарапынан жасалатын заңсыз әрекеттер 31 пайызды құрайды. «Сондықтан да, бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп отыр. Мәселен, жыл басынан бері жалған ақша жасаумен айналысып келген 12 жасырын цехтың әрекеттері әшкереленіп, жұмысы тоқтады. Оның ішінде он мыңдық жалған ақша купюраларын бүткіл Қазақстанға таратудың мыңға жуық фактісін жасаған қылмыстық топ та құрықталды», - дейді М. Ахметжанов.
Оның айтуынша, тіркеуге алынған жалған ақша жасаушылар саны соңғы уақытта 11 есеге артқан.