Елімізде жаңа жүргізуші куәлігі беріле бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктері беріле бастады, деп хабарлады www.24.kz.

Елімізде жаңа жүргізуші куәлігі беріле бастады

Құжатта 7 санат және 6 кіші санат белгіленген. «Бұл категориялар скутерлер мен мопедтерді, басқа да шағын көліктерді жүргізуді реттеуге мүмкіндік береді», - дейді мамандар7

Ал қолданыстағы жүргізуші куәлігі оның мерзімі біткенге дейін жарамды болып қала береді. Жаңа құжатқа үкіметтің Egоv электрондық веб-порталына өтініш жазу арқылы қол жеткізуге болады. - Астана мен Алматы қалаларында чипті оқытатын құрылғы бар. Соның ішінде қандай заңбұзушылықтар бар, қандай жауапкершілікке тартылды, қайсысы төленген, қайсысы төленбеген сияқты барлық мәліметтер жазылады. Жаңа куәліктерде де чип болады, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ернар Базаров.