Елімізде «Жасыл технологиялар» Халықаралық орталығын құрылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында «ЭКСПО-2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» Халықаралық форумы өтті.
None
None

Форумға әлемнің 10 мемлекетінен 200-ден астам делегат қатысып, «жасыл экономика» саласындағы мәселелерді, «жасыл» технологияларды енгізу бойынша халықаралық тәжірибе алмасу, бизнестің «жасыл» дамуы мен «жасыл» бизнестің қағидаттарын ұстану секілді сұрақтарды талқылау мүмкіндігіне ие болды.

Мемлекеттік саясат саласындағы түрлендірудің жоғары екпіні келесі міндеттерді қамтитын «Қазақстан 2050» стратегиясында анықталған:

-  электр энергетикасы саласында баламалы және жаңартылатын  электр энергия үлесі 2030 жылға қарай 10%-ға жетуі тиіс;

-  энергия тиімділігін арттыру саласында ЖІӨ электр сыйымдылығын 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету міндеті қойылған;

- су қорлары саласында 2020 жылға қарай халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және 2040 жылға қарай ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау мәселелері тұр;

-  ауыл шаруашылығы саласы ауыл шаруашылық алқаптарының өнімділігін 2020 жылға қарай 1,5 есе арттыру жолында қызмет етуі тиіс;

- қалдықтарды жою саласында қайта өңделген қалдықтардың үлесін 2030 жылға қарай 40%-ға дейін жеткізу көзделген.

Сонымен қатар Форум шеңберінде төмен көміртекті технологиялар мен климат жөніндегі Париж келісімін жүзеге асыру және «жасыл» қаржыны жұмылдыру саясатының сұрақтары талқыланды.

Форум жұмысына әр саланың беделді сарапшылары мен атақты ғалымдар қатысты. Солардың ішінде практикалық әдістер бойынша диалогтарды әзірлеумен және белсенді позициясымен танымал, 2007 жылғы әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты, климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Бас хатшысының кеңесшісі, оңтүстік Корея елінің тумасы Рае Квон Чунг мырзаны атап өтуге болады. 2017 жылғы маусым айында бұл ғалым энергияны тиімді үнемдеуге және жылдың суық мезгілінде жылуды сақтайтын қала ғимараттарын салумен ерекшеленген канадалық Монреаль қаласының тәжірибесін қарастыруға кеңес берген болатын.

Бұған қоса Форум шеңберінде Қазақстандағы алғашқы «жасыл» ауылға, яғни «Арнасай» жасыл технологиялар орталығына бару жоспарланған. Шамамен Астанадан 30 шақырым жерде орналасқан «Арнасай» ауылы жасыл технологияларды енгізу арқылы елімізде энерготиімділікті насихаттап келеді. Мұнда жастардың «EXPO-CAMP» лагері, экоқонақүйлер, жасыл технологиялар орталығы, «G-Global» саябағы бар.
Айта кету керек, жасыл ауылда инноваторлар мен еліміздің жастарының қатысуымен «жасыл» технологиялар көрмесі өтеді.

ҚР Энергетика министрінің сөздеріне сүйенсек, «Арнасай» «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының үздік жобасы ғана емес, еліміздегі «жасыл» білімді дәріптеуді негізгі міндеті деп ретінде қабылдаған алғашқы орталыққа жатады, яғни орталықтың басты мақсаты - тұрғындарға жасыл экономика мен технологиялар туралы жүйелі білім беру. Жаңадан ашылған орталық 1 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Мұнда 15 инновациялық технология қамтылған. Ал қазіргі таңда «Арнасай» ауылында 35 ауқымды жоба жүзеге асырылуда.

«Жасыл көпір» бастамасын ары қарай дамытудың маңызды қадамына 2018 жылдан бастап, «ЭКСПО» павильондарының базасында «Жасыл технологиялар» Халықаралық орталығын құруды жатқызуға болады.

Бүгінгі таңда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы 15 мемлекетті және 16 үкіметтік емес ұйымдарды біріктірді.

 

Соңғы жаңалықтар