Елімізде «жасыл» технологияларға негізделген вагондар қолданысқа енгізіледі
«Тозығы жетуіне байланысты жыл сайын 100-ден астам вагонның жұмысы тоқтатылады. Компанияда Үкіметтің қолдауымен вагондар паркін жаңарту жоспары бар. Биыл мемлекеттің қолдауымен «Жолаушылар тасымалы» заманауи 63 жаңа жолаушылар вагонын алды. Жалпы, 2019-2020 жылдары тағы да 146 вагон сатып алу жоспарланған. Осы орайда қажеттілікті барынша жабамыз деп үміттенеміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, компания қолданыстағы вагондарды жаңғыртуды қарастырып отыр. Яғни, вагондарды істен шығармай, олардың қызмет көрсету мерзімін ұзарту ескерілген.
«Бүгінде ҚТЖ компаниясы «жасыл технологияларға» көшуді пысықтап жатыр. Бұл тұрғыда қазіргі кезде вагондарда көмір жағылып келсе, енді алдағы 2-3 жылда көмірді пайдалануды тоқтату жоспары бар. «Жасыл» вагондарға барынша екпін қойылады. 2022 жылдан бастап компания «жасыл» технологияларға негізделген вагондарды сатып алу немесе жаңартуды көздеп отыр», - деді Асылхан Қалдыкозов.