Елімізде жеміс-жидек сақтау қоймасының жетіспеушілігі сақталуда - АШМ
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстанда жеміс-жидек сақтау қоймасының жетіспеушілігі сақталып отыр.
Бұл туралы бүгін ел Үкіметінің Интернет тікелей көрсетіліп жатқан отырысында аталған ведомствоның басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.
«Қазіргі уақытта республикада сақтау қоймаларының жетіспеушілік көлемі жылына 643 мың тоннаны құрайды», деді министр өз сөзінде.
Осыған орай А.Күрішбаев жергілікті атқарушы органдардан берілуі жоспарланған жеміс-жидек қоймаларын дер уақытында іске қосуды әрі қолданыстағы қоймаларды түгендеуді өтінді.