Елімізде жолдарды салу бойынша 200 мың адам жұмыспен қамтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол - болашақ­қа бастар жол» деп аталатын халыққа арналған Жолда­уында еліміздің жаңа экономикалық саясатын жариялады. Қазақстан экономикасын арттырумен әлемдегі озық 30 мемлекеттің қатарына кіру мақсатында халықты білім мен еңбекке шақырған бағдаршам іспетті тағы да бір стратегиялық жоспарды нақ­тылап берді. Егемен еліміздің өсуі мен өркендеуі жолында Елбасының жыл сайынға халыққа арналған Жолдауының мәні мен мақсаты зор.
None
None

Шындығында биылғы Елбасы баяндамасының өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Өзге жолдаулардан ерекшелігі де сонда, экономиканың негізі - көлік инфрақұрылымы құрылысына ерекше көңіл бөлінуі болып отыр.

Мен Президент Жолдауын тыңдай отырып, Қазақ елінің болашағына деген үлкен әсер алдым. Расында, бүгінгі күні бүкіл әлем дағдарыстан арылмай тұр. Жаһанды шарпыған әлемдік экономикалық дағдарыстан шығудың жолын табу мен айқындау Елбасымыздың тағы бір көрегендігін байқатса керек. Жолдауда мек­теп­терді жөндеуге және жаңалауға 20 млрд., жолдар салуға 70 млрд. теңге бөлінеті­нінің өзі халыққа жасалып отырған үлкен жағдай. Жол - өмірдің байланысы мен тамыры. Осы жолдарды салу барысында 200 мыңдай жұмыс орны ашылып, қаншама адам жұмыспен қамтылады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: - Сайын даламыздың арасына жол салсақ, экономика өркендейді. Мысалы, Еуропа Ұлы Отан соғысынан кейін инфрақұрылымды дұрыстаудан бастады. Испания, Германия сияқты мемлекеттердің дамуы жол салудан басталған. Сондықтан, Астананы, Оңтүстікпен, Шығыс, Батыс, Солтүстікпен байланыстыру үшін жол саламыз - деді өз сөзінде. Тіпті «Нұрлы жолдың» аясында шетелден терминалдар салу жоспарланып отыр. Ал осындай ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 500 миллиард теңге бөлінбек. Сондай-ақ, мұнайдан түскен табыс сақталған Ұлттық қордан алдағы 3 жылда бюджетке 3 миллиард доллардан бөлінбекші. Салынатын жолдар да, ғимараттар да, жастарға арналған қолжетімді бағадағы баспана да, білім ошақтары, т.б болсын мұның бәрі Елбасы Жолдауындағы айтқан Мәңгілік Елдің іргесінің мықтылығы мен болашақ ұрпақтың бақыты үшін бүгінгі елдің жасап жатқан еңбегі.

Соңғы жаңалықтар