Елімізде жүрек және қантамыр аурулары көрсеткіші бәсеңдеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 2012 жылы 100 мың халыққа аққанда қанайналымы жүйесі ауруларының 12800 аса жағдайы, ал 2011 жылы - 11750 аса жағдайы тіркелді. 2011 жылы қанайналым жүйесі аураларынан 100 мың халқына өлімге әкелген 259 жағдайы тіркелді, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 217-ге дейін төмендеді, оның ішінде 77 жағдайы инсультке байланысты.
None
None

Бұл мәселе жөнінде кеше Алматыда өткен дүниежүзілік инсультпен күресу күні қарсаңында Қазақстан кардиологтарының Қауымдастығымен ұйымдастырылған баспасөз-конференциясында Дания, Ресей және Қазақстан сарапшылары талқысында айтылды.

Олардың айтуынша жүрек және қантамыр аурулары тек қана Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемде аурушаңдық пен өлім жағдайларының құрылымында алдыңғы қатарлы орын алуда. Алайда, терапиядағы инновациялық әдістер инсульт дамуының алдын-алу бойынша бірегей мүмкіндіктерге жол ашып, әлемдегі көптеген елдерде сәтті түрде өз қолданысын тапты. Тромбтардың пайда болуына кедергі жасайтын жаңа ауыз антикоагулянттар препараттары қазіргі кезде Қазақстанда да қол жетімді екендігін айтады.

"Соңғы оң жылдықта ЖФ емдеуде ғылыми және терапиялық әдіс-амалдарында едәуір ілгерлеу байқалады. «Ми қанайналымының жіті бұзылыстарының барлық себептері арасында жүрекше фибрилляциясы ерекше орын алады. Жаңа буынындағы пероральды антикоагулянттардың сапалық айырмашылығы, қазіргі күнде емдеушініңің тұрақты зертханалық бақылаудан өту қажеттілігі жоқ, бұл уақыт пен күшті үнемдеп, нәтижесінде, адамды профилактикалық тексеруден өтуге түрткі болады,- дейді Копенгаген университетінің неврология және цереброваскулярлық аурулардың профессоры Кригер Дерк.

Сондай-ақ Қазақстан Кардиологтарының қауымдастығы осы тақырыпқа арналған «Жүрекше фибрилляциясы кезінде инсультты алдын-алу: заманауи амал-әдістері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді, мұнда халықаралық деңгейдегі мамандар Қазақстандық докторлармен ең жаңа клиникалық зерттеулерімен, халықаралық ұсыныстарымен және жаңа дәрежедегі препараттардың экономикалық тиімділігі бойынша зерттеу нәтижелерімен бөлісті деп хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар