Елімізде жүйе құрушы төрт банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мерзімін 2009 жылғы шілденің 1-не дейін ұзартуды сұрап отыр

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде жүйе құрушы төрт банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мерзімін 2009 жылғы шілденің 1-не дейін ұзартуды сұрап отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының Атқарушы директоры Қайрат Әйтекенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Келісімдерге сәйкес, маусымның 1-де ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы аяқталуы тиіс болатын. Он банктің алтауы бағдарламаны аяқтады, бөлінген қаржыны игерді. Жүйе құрушы төрт банк, атап айтқанба БТА, Қазкоммерцбанк, Халық банкі, Альянсбанкі өтініштер көлемінің ауқымдылығын ескере отырып, оларды игеру уақытын ағымдағы жылғы шілденің 1-не дейін ұзартуды сұрап отыр. Бұл бағдарламаның барынша мол ипотекалық несие алушылардың пайыздық ставкасын төмендетуге бағытталғанын әрі өтініштердің де көп түскенін ескере отырып, осы шешімді қолдауды сұраймыз», деді отырыста Қ. Әйтекенов Үкімет басшысына қаратып айтқан сөзінде. Оның айтуынша, бағдарламаның шарттарына байланысты, мамырдың 25-26 күндері екінші деңгейдегі банктер ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасын аяқтаған. «Бағдарламаға қатысу үшін 37,7 мың адамнан 142,5 млрд. теңгенің өтініштері келіп түсті. Оның ішінде 24 мың адамның 92,2 млрд.теңге болатын өтініштері мақұлданды», деді ол.
Соңғы жаңалықтар