12:27, 01 Маусым 2022 | GMT +5
Елімізде жыл сайын 1 500 нәрестеге хирургиялық коррекция жасалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде неонаталдық хирургия белсенді түрде дамып келеді. Жылына 1 500 нәрестеге ота жасалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде неонаталдық хирургия белсенді түрде дамып келеді. Орташа есеппен жыл сайын 1 500 нәрестеге хирургиялық коррекция, оның ішінде инновациялық әдістермен жүргізіледі. Эндоскопиялық технологияларды қолданумен жасалатын операциялардың саны 19 пайыздан бастап 22 пайызға дейін ұлғайды. Тиімділік - 88,6 пайыз», - деді министр.
Оның дерегінше, балаларға жүргізілетін кардиохирургиялық араласулардың саны 2 562-ге дейін ұлғайды. Интервенциялық кардиологияның заманауи әдістері енгізілді.
«Туа біткен жүрек ақауын жедел емдеу тиімділігі 97,1 пайызға жетіп отыр», - деді Ажар Ғиният.