14:19, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Елімізде жылыту маусымына дайындық аясында жоспарланған сумен жабдықтау желілерінің 91 пайызы жөнделіп бітті
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда ағымдағы күзгі-қысқы кезеңдегі жылыту маусымына дайындық аясында жоспарланған сумен жабдықтау желілерінің 91 пайызы жөнделіп бітті.

«Алдағы жылыту маусымында 1805 сумен жабдықтау және су бұрғыш желілерін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күнде іс жүзінде оның 91 пайызы немесе жоспарланған көрсеткіштің 1649 шақырымы жөнделіп бітті». деді бүгін Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин айтты.
Оның сөзіне қарағанда, жабдықтау және су бұрғыш желілерін жөндеуде Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жұмыс кестеден оза жүргізілген. Ал, Солтүстік Қазақстан облысында кестеден қалып қоюшылық байқалады. Бұл өңірде сумен жабдықтау және су бұрғыш желілердің 75 пайызы ғана жөнделіп біткен.