Еліміздегі 24 мың нысан мүгедектерге бейімдеу бағытында паспортталды
«Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын паспортау және бейімдеу арқылы мүгедектер үшін кедергісіз орта қалыптастыруға жағдай жасау жұмысы жүргізілді. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 24 мың нысан паспортталды, солардың ішінде 18 мың 900 нысан бейімдеуге жататыны айқындалды», - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.
Оның айтуынша, еліміздегі барлық өңірлерде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділік қамтылуы үшін нысандарды түгендеудің және бейімдеудің өңірлік жоспарларын бекіткен. Осыған байланысты 2014 жылы жоспарланған 2 мың 413 нысаннан 2 мың 371-і бейімделген.
Айта кетейік, аталған Конвенция мүгедектер үшін қадiр-қасиеттi, дербестiк пен тәуелсiздiктi құрметтеу, кемсiтпеушiлiк, қоғамға толық әрi тиiмдi түрде қосылу, мүгедектердiң ерекшелiктерiн құрметтеу және оларды адами алуантүрлiлiк пен адамзат бөлiгiнiң құрауышы ретiнде қабылдау, мүмкiндiктердiң теңдiгi, қолжетiмдiлiк, еркектер мен әйелдердiң теңдiгi, мүгедек балалардың даму үстiндегi қабiлеттерiн құрметтеу және мүгедек балалардың өз даралығын сақтау құқығын құрметтеу секілді қағидаттарды қамтиды.
«Бұл Конвенцияны қабылдау Қазақстанда тұрып жатқан 627 мыңнан астам мүгедектерге өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға және қорғауға кепілдіктер береді», - дейді вице-министр.