Еліміздегі 9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең 9 облыстың аумағында аптап ыстық, жауын-бұршақ, қатты желге байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап,
14 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі бар.
Ертең Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ссолтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.
Сол күні Көкшетауда солтүстік-шығыстан жел соғады. екпіні 15-20 м/с жетеді.
14 маусымда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтобе қаласында ертең күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 16 м/с жетеді.
14 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық болады.
14 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Сол күні күндіз Оралда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с жетеді.
14 маусымда күндіз Қызылорда облысында 41 градус қатты ыстық күтіледі.
14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.
14 маусымда күндіз Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатынан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 35-39 градус қатты ыстық, өрт қауіптілігі V сыныпты деңгейде болады.
Ертең күндіз Атырау қаласында 36-38 қатты ыстық болады.
14 маусымда күндіз Түркістан облысының батысында 40 градус қатты ыстық болуы ықтимал.
Ертең күндіз Түркістан қаласында 40 градус қатты ыстық күтіледі.
14 маусымда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап,
бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15- 20 м/с жетеді.
Ертең Қостанай қаласында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18
м/с жетеді.